Понедельник, Июнь 14, 2021
Басты > Жаңалықтар > Университет стартапшылары Елордада өз жобаларын ұсынады

Университет стартапшылары Елордада өз жобаларын ұсынады

Студенттік бизнес идеяларын жүзеге асыруға арналған Big Ideas Marathon алаңы биыл Қазақстандағы 26 команданың басын қосты.  Үздік бестіктің ішінде Жұбанов университетінің үш командасы бар.

Марафон — ERG (Еуразиялық Топ) компаниясының «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» бастамасы аясында ұйымдастырылды.

Басты мақсат — классикалық өңірлік оқу орындарын кәсіпкерлікке айналдыру, өңірлерде кәсіпкерлік қоғамдастықты және жастардың кәсіпкерлік дағдыларын дамыту.

Байқау-марафон үш айға созылды. Осы уақыт ішінде қатысушылар  менторлармен кәсіпкерлік дағдыларын дамытты, тәжірибелі мамандармен  бірлесе шеберлік сабақтарын өткізді және өз бизнесін дұрыс бағытта дамытуды үйренді.

Нәтижесінде Жұбанов университеті студенттерінің эко-сөмкелер жасау және сату бойынша жобалары; ағаш тақтайшалар мен плиталар шығаратын студия, B2B сегментінде дизайн және smm қызметтерін ұсынатын сандық студия үздік деп танылды.

Сонымен қатар, Жұбановшылардың Art House жобасы Tumar Student Bussines Challenge байқауындағы 106 стартаптың ішінен үздік он бестігіне енді.

Жеңімпаздар алдағы күндері Нұр-Сұлтан қаласына сапар шегіп, Entrepreneurial Meetup кездесуінде олар  өз университетін таныстырады.