Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Үздік спортшылар анықталды

Үздік спортшылар анықталды

Жұбанов университетінің белсенді студенттері демалыс күндерін футбол алаңында өткізді. Ректор кубогы факультеттердің үздік ойыншыларының басын қосты.

Екі күндік турнир қорытындысында жүлделі бірінші орынды «Grand PTF» командасы жеңіп алды. Ал екінші орынға  «Athletic» командасы ие болса, үшінші  орын «Navi PTF» командасына бұйырды. Сондай-ақ «Үздік ойыншы» атағына Әлішер Назаров лайық деп танылса,  кәсіби-шығармашылық факультетінің студенттері  Әлішер Мәмбетжанов «Үздік қақпашы»  және Тимур Қуантаев «Үздік сұрмерген»  атанды.

Фубол алаңында университет ректорының міндетін атқарушы Рахым Бекназаров ойынды ұйымдастыруға белсене қатысқан ойыншыларды арнайы құттықтап,  дипломдармен марапаттады.

Сонымен қатар, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай университеттің Жоғары колледжінде шағын футбол алаңы ашылды.

Алаңның салтанатты ашылу рәсіміне  Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының Жоғары спорт жетістіктері және спорт резерві бөлімінің басшысы Айбат Ермекбаев, «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы спорт және салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлімінің әдіскері Манас Имағамбетов, Ақтөбе облыстық футболдан мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиада резерві спорт мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Дархан Тәжіғұлов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Өз кезегінде университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Нұржан Бердыбаев пен колледж директоры Бақыт Құлбаева қатысушыларға жаңа жеңістер мен спорттық жетістіктер тіледі.

Алғашқы жолдастық кездесу Жоғары колледж бен тарих факультетінің студенттік командалары арасында өтті. Ойын қорытындысында 4:2 есеппен Жоғары колледж командасы жеңіске жетті.