Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Отбасы» күніне арналды

«Отбасы» күніне арналды

Халықаралық Отбасы күні қарсаңында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына  арналған қалалық акцияға Жұбанов университетінің педагогтары  мен  жас отбасылары қатысты. Олар  акция аясында   «Анаға тағзым»  рухани-адамгершілік тәрбие беру ғимаратының алдына көшеттер отырғызды.

«Музыка және хореография» кафедрасының меңгерушісі Жайнагүл Қартбаеваның айтуынша, мұндай іс-шаралар табиғатқа ұқыпты қарауды дамытуға көмектеседі.

Қаланың гүлденуіне титтей де болса септігің  тиген жақсы ғой… Мереке аясында отбасымызбен ағаш отырғызып, өз үлес қосудамыз. Мұнда біз керемет уақыт өткіздік, бұл күн  балаларымызға да ұнады, — деді ол.

Айта кетейік,  акция  отбасылық дәстүрлерді нығайту, тұрғындарды эко-саналы өмір сүруге және табиғатты қорғауға үндеу мақсатында өткізіліп отыр.