Вторник, Октябрь 4, 2022
Басты > Жаңалықтар > Жас суретшінің көрмесі

Жас суретшінің көрмесі

Бүгін университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен білім алушылары  «Жұбанов жастары» аллеясына жиналды.

Көпшілік назарына жас  суретші Шынболат Исағалиевтің туындылары ұсынылды.

Көрмеге Кеңестік киноактерлер мен атақты адамдардың  фотопортреттері  қойылды. Мұнда көрермендер Юрий Никулин, Евгений Маргунов, Георгий Вицин, Александр Цекало, Джим Керри, Жан Рено, Джеки Чан, Нурлан Сабуров  және басқа да кино мен театрдың жұлдыздардың  суреттерін тамашалады. Шеберлікпен салынған 34  жұмыстың әрқайсысын келушілер сүйсіне тамашалауда.

Бүгінде Шынболат Жұбанов  университетінің кәсіби-шығармашылық факультетінің «Дизайн» мамандығында тегін білім алады.

Шынболат мүмкіндігінің шектеулі екендігіне қарамастан, өнерге шексіз ғашық. Жас суретшінің  өмірлік мақсаттары да жоғары.  Суретші бала кезінен сурет салуға құмар, болашақта мультфильм суретшісі болуды армандайды.

Ал жас суретшінің анасы баласының талабы мен талантына ерекше тәнті. Жанынан табылып, демеп отырады. Ұстаздары мен достары да Шынболатты үлгі етеді.

Көрменің ашылуында жас суретшіні Стратегиялық даму және цифрландыру жөніндегі проректор Алтыншаш Бекбауова, мен кафедра меңгерушісі Мергембай Қорғанбеков, курстастары мен достары құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Көрме соңында суретші   қолдау білдірген университет басшылығы мен ұстаздарына  ризашылығын  жеткізді.