Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > Жаңалықтар > Тіл курсының қатысушыларына сертификат табысталды

Тіл курсының қатысушыларына сертификат табысталды

Жұбанов университеті академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Түркия Республикасының бірқатар университеттерімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған болатын.  Сол келісім аясында  өзара жемісті ынтымақтастықты іске асыруда 2020-2021 оқу жылында онлайн форматта түрік тілі курсын ұйымдастырылған болатын. Мұнда алпысқа жуық білім алушы түрік тілін меңгерді.

Тіл үйрену — үлкен өнер. Мені қуанататын жайт, Ақтөбе өңірінде түрік тілін меңгеруге ниеттенген студенттер саны артуда. Бүгінгі жастар – білімді, креативті ойлауы дамыған, жаңа идеяшыл.  Бұл ретте Жұбанов университеті барлық  білім алушыларға барлық жағдай жасап отыр. Енді мұндай мүмкіндікті пайдалану жастардың қолында! Сондықтан да барша курс тыңдаушыларының  алған білімдері практика жүзінде іске асыратынына сенемін,  — деді түрік тілінің оқытушысы  Шевкет Өтен.

Айта кетейік, университетте түрік тілін үйренуде академиялық ұтқырлық бағдарламалары, «Мәулана», қос диплом бағдарламасы үлкен септігін тигізеді. Әрбір студент түрік тілін жетік меңгеріп, өз мамандығына байланысты  Түркияның жоғары оқу орындарында одан әрі білімдерін жетілдіре алады.

Кездесу барысында университеттің Халықаралық ынтымақтастық орталығы директоры Гүлжан Шоқым  курсты сәтті аяқтаған тыңдаушыларды арнайы құттықтап, түрік тілін үйретуші ғалым Шевкет Өтенге университет ректорының  Алғыс хаты мен сыйлықтарын табыстады.

Жиын соңында курс қатысушыларына сертификаттар табысталып, тіл курсын бітірушілер оқуға мүмкіндік жасағандары үшін университет басшылығына шексіз ризашылықтарын білдірді.