Воскресенье, Январь 29, 2023
Басты > Жастар саясаты > Университет студентінің жеңісі

Университет студентінің жеңісі

Университеттің «Музыкалық білім» мамандығының 4-курс студенті Ақбота Тәжімағанбетова   биылғы оқу жылын үлкен табыстармен бастады.

Атап айтар болсақ, Ырғыз ауданында өткен XXI «Аймақты әнмен тербетіп….» атты өнер сайысында  эстрадалық ән жанры бойынша II-орынды иеленсе,  ашық аймақтық мәдени-білім беру жобасы  «Жұбанов кездесулері»  атты конкурста  I-орын иеленіп, лауреат атанды. Сондай-ақ, «Әуелейді Шәмші әні» облыстық ретро-әндер байқауында ерекше шеберлікпен көзге түсіп, I-орынды жеңіп алды.  Хромтау қаласында өткен X Облыстық «Еркелей аққан Ор өзені» атты ретро әндер байқауында I-орын сертификатымен марапатталып, бағалы сыйлыққа ие болды.

Ақботаға шығармашылық табыстар  тілейміз!