Понедельник, Июнь 14, 2021
Басты > Жаңалықтар > Бүгін халықаралық балаларды қорғау күні

Бүгін халықаралық балаларды қорғау күні

Бүгін, 1 маусым елімізде халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтуде. Бұл күнді тек біздің ел ғана емес, 1949 жылдан бері әлемнің көптеген елі тойлайды. Тұңғыш рет 1950 жылы аталып өткен халықаралық балалар күнінің өз жалауы бар. Бұл жалауда жер шарын қоршаған түрлі бала бейнеленген.

Халықаралық балалар күні — әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін мейрам. Қоғамды кемтар, тұрмысы нашар отбасынан шыққан балаларды қорғауға, қолдауға шақыратын күн.

Мереке аясында әр өңірде бірқатар іс-шаралар, оның ішінде көрмелер, байқаулар, ашық аспан астындағы ойындар, спорттық жарыстар секілді түрлі жиындар өткізіледі.   Ал, бүгін Жұбанов университетінің  студенттері балалар мен олардың ата-аналары үшін Орталық стадионның аумағында  мерекелік іс-шара ұйымдастырады.

Жаздың бірінші күнімен келіп жеткен айтулы мерекемен барша балақайларды құттықтаймыз!