Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > Жастар саясаты > Оқушылар көшбасшылық қасиеттерін шыңдады

Оқушылар көшбасшылық қасиеттерін шыңдады

Ақтөбе қаласының  оқушылары жазғы көшбасшылық мектебінде білім алды. Курсты Жұбанов университетінің жастар саясаты департаменті және  «Қазақстан студенттер альянсы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы  ұйымдастырды.

Көшбасшылық мектебінің  негізгі мақсаты — жасөспірімдерге өздеріне деген сенімділікті дамытуға көмектесу және  ұжымда тиімді жұмыс  жасауды үйрену.

Оннан астам спикерлер төрт күн бойы  мектеп оқушыларына тренингтер мен шеберлік сағаттарын өткізді. Мұнда студенттік ұйымдардың жетекшілері, мұғалімдер және жастар қозғалысының жетекшілері  «Цифрлық  уақыт көшбасшысы», » Волонтерлік қозғалыс — эмоционалды интеллекттің көрінісі», «Пікірсайыс  — мәселені шешудің тиімді тетігі», «Медиа кеңістік: мүмкіндік және шындық» сынды ауқымды тақырыптарға  егжей-тегжейлі тоқталды.

Жазғы көшбасшылық мектебінің алғашқы түлектерін университет  ректорының міндетін атқарушы  Рахым Бекназаров арнайы  құттықтап, сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.