Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Кәсіподақ белсенділері марапатталды

Кәсіподақ белсенділері марапатталды

Салалық кәсіподақ жұмысы педагогтардың құқығын қорғау, еңбек қатынастарын реттеумен шектелмейді. Бұл ретте Жұбанов университетінің бастауыш кәсіподақ ұйымы үздік ұстаздар мен қызметкерлердің еңбегін бағалап, ынталандыруды игі үрдіске айналдырды.

Оқу жылының соңында кәсіби мамандығымен қоса, кәсіподақ жұмысына белсене араласып жүрген университеттің үш бірдей кәсіподақ көшбасшысы ерекше марапатқа ие болды.

Марапат иелері университеттің Ғылыми кеңес мәжілісінде  «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Төсбелгіге аталған оқу орнының Білім беру процесін ұйымдастыру департаменті әдіскері Гүлнұр Сатерова, «Биология» кафедрасының аға оқытушысы Әбдімұрат Абдукаримов және «Физика» кафедрасының аға оқытушысы Берік Сәрсенбаевтар лайық деп танылды.

Марапат иелерін университет ректорының міндетін атқарушы, профессор Рахым Бекназаров арнайы құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.