Пятница, Март 31, 2023
Басты > Жастар саясаты > Білімді жастардың басын қосқан дода

Білімді жастардың басын қосқан дода

Ел болашағы – жастар. Жастардың пікірі қоғамдағы ең құнды пікір. Олардың әртүрлі шараларда беленділік танытып, өз көзқарастарын қалыптастыруы, болашақтағы азаматтық тұлғасына ықпал етеді.  Осы мақсатта еліміздің бас партиясы жастардың ой-пікірінің қалыптасуына ықпал ететін шараларды көптеп ұйымдастырып келе жатқаны әмбеге аян. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Алматыда «Nur Otan» партиясының ауыспалы кубогіне арналған ХІХ республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

Аталмыш турнирдің мақсаты – жастар арасында пікірсайыс қозғалысына қолдау көрсету, қоғамдық пікір көшбасшыларын анықтау, болашақ ұрпақтың бойында төзімділік пен азаматтық көзқарастарды қалыптастыру. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жыл­дығы аясында келелі тақырыптарды талқылай отырып, ел жас­тарының азаматтық және шығармашылық белсенділігін арттыру. 2003 жылдан бері дәстүрлі өткізіліп келе жатқан турнирге өз айма­ғында іріктеуден өтіп келген командалар қатысты.

Дебат барысында студенттер  білімділігі мен ой өрісінің кеңдігі бірден көрсеткен. Бұдан бөлек, олар өз арасында қарсыластарына деген ілтипат пен  сыйластықты да жоғары деңгейде танытқан. Жастардың ой жүйріктік жарысы екі күнге созылды. Осы уақыт аралығында қазақ тілді командалардың ішінен топ жарып, Жұбанов университетінің «Ақтөбе Арланс» тобы  екінші  орынды қанжығаларына байлады.

Пікірсайыс үздіктері естелік сыйлықтармен, дипломдармен және «Nur Otan» партиясының ауыспалы кубогымен марапатталды.