Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Елеулі еңбектің жемісі

Елеулі еңбектің жемісі

Бүгін  Жұбанов университетінде  Ғылыми кеңестің кезекті отырысы мәжілісі  өтті.  Жиын тікелей эфирде Zoom платформасында ұйымдастырылды. Мәжіліске  университет проректорлары,  құрылым басшылары  мен кафедра меңгерушілері, ғылыми кеңес  мүшелері  қатысты.

Ғылыми кеңес мәжілісі  салтанатты шарамен басталды. Жиынды кіріспе сөзімен ашқан басқарма төрағасы, профессор Рахым Бекназаров  оқытушыларға жүрекжарды тілегін жеткізіп,   куәліктер мен алғыс хаттарды салтанатты түрде табыстады.

Басқосуда университеттің  биология ғылымдарының кандидаты Гүлшат Атаева мен химия ғылымдарының кандидаты Ляззат Тастановаға қауымдастырылған профессор (доцент) аттестаты тапсырылды.

Сонымен қатар  тарих ғылымдарының кандидаты Татьяна Алимпиева қаланың және университеттің қоғамдық өміріне белсене араласқаны үшін Nur Otan партиясы Ақтөбе қалалық филалы төрағасының орынбасары Нұрлыбек Жүсіповтің Алғыс хатымен марапатталды.

Марапттау рәсімінен соң жиналғандар күн тәртібіндегі мәселелелерге ойысты.