Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жастар саясаты > Техникалық факультет студенттерінің интеллектуалдық ойыны

Техникалық факультет студенттерінің интеллектуалдық ойыны

30 қазан Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ техникалық факультетінің «Мұнай-газ ісі» кафедрасында ARSU SPE SC қоғамдастық ұйымының ұйымдастыруымен 1-ші курс студенттері арасында интелектуалды ойын өтті. Ойын 2 кезеңнен тұрды. 1-кезеңде студенттер алдын-ала мұнай-газ саласы бойынша берілген тақырыптарға ағылшын тілінде презентация қорғады:

— History of Kazakhstan oil industry (Кикембаева Аружан, Жауынбаева Жазира),

-Natural gas (Нұркен Жақсығалиев, Бақытгүл Мұханова)

-General items of information about petroleum (Бехзод Даминов, Нұрсайын Лекеров)

-History opening of oil (Валерий Талавиров)

Ал, 2-кезеңде «Қазақстандағы Мұнайгаз», «Әлемдік мұнайгаз индустриясы» және т.б тақырыптарда сұрақтар берілді. 2-кезең қорытындысы бойынша Бехзод Даминов және Нұрсайын Лекеров жеңімпаздар атанды. Шара соңында жеңімпаздарға дипломды Теxникалық факультетінің деканы Ө.Р.Сариев табыстады.