Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығы ашылды

«Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығы ашылды

Құдайберген Жұбанов атындағы өңірлік университетте «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. Мұнда, Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Абай мұралары насихатталады. Әрі студенттер, магистранттар, докторанттар, мектеп мұғалімдері мен оқушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Әуезовтанушы Әдебиет Молдаханов өзінің 500-ден аса кітабын осы орталыққа тарту етті. Айтып өтейік, кабинеттің ашылу салтанатына Семей қаласынан «Жидебай-Бөрілі» музейінде сақталған жәдігерлер жеткізілді. Онда ұлы ақынның өз заманында қолданған бұйымдары бар.

источник