Воскресенье, Июль 14, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Каратэші Нұрқанат Әжіқанов Олимпиадаға лицензия жеңіп алды

Каратэші Нұрқанат Әжіқанов Олимпиадаға лицензия жеңіп алды

Франция астанасы Парижде өтіп жатқан каратэден лицензиялық турнирде қазақстандық Нұрқанат Әжіқанов чемпион атанып, Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің ақпаратына сәйкес, 75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрқанат турнирде барлық қарсыласынан басым түсіп, жеңімпаз атанды.

Жарыс ережесі бойынша турнирде үздік үштікке енген каратэшілерге Олимпиада жолдамасы беріледі. Әжіқановтың салмағында күміс жүлдені Германия, қоланы Венгрия спортшылары иеленді.

Осылайша, Нұрқанат Әжіқанов каратэден үшінші жолдаманың иегері атанды. Бұған дейін Дархан Асаділов пен Мөлдір Жаңбырбай Токио ойындарына лицензия алған болатын.

Сондай-ақ Қазақстан атынан сынға түскен Сабина Захарова төртінші орын иеленіп, Олимпиададан сырт қалды. Катадан бақ сынаған Мәди Қатешов 1/16 айналымнан өте алған жоқ.

Айта кетейік, Қазақстан бүгінге дейін спорттың 26 түрінен Олимпиадаға 70 жолдама жеңіп алды.

/www.inform.kz/