Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Каратэден Токио Олимпиадасына кезекті жолдама

Каратэден Токио Олимпиадасына кезекті жолдама

Франция астанасы Парижде өтіп жатқан каратэден лицензиялық турнирде қазақстандық Нұрқанат Әжіқанов чемпион атанды.  75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрқанат турнирде қарсыластарының бәрінен басым түсіп,Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды деп хабарлайды inbusiness.kz  Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Жарыс ережесі бойынша турнирде үздік үштікке енген каратэшілерге Олимпиада жолдамасы беріледі.  Әжіқановтың салмағында күміс жүлдені Германия, қоланы Венгрия спортшылары еншілеген. Осылайша, Нұрқанат Әжіқанов каратэден үшінші жолдаманың иегері атанды.

Бұған дейін Дархан Асаділов пен Мөлдір Жаңбырбай Токио ойындарына лицензия иеленген болатын.

Айта кетелік, әзірге Қазақстан командасы спорттың 26 түрінен 70 Олимпиада жолдамасын жеңіп алды.

 

/inbusiness.kz/