Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау

Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау

Онлайн түрде testcenter.kz сайтында маусымның 15-і мен шілденің 15-і аралығында кешенді тестілеуге тіркелесіз.

15 шілдеден кейін жеке кабинетке тестілеудің уақыты және орны туралы ақпарат ала аласыз.

Тестілеу компьютерлік форматта (онлайн емес) 20 шілде 10 тамыз аралығында өтеді. 4 пән бойынша

-ағылшын (максималды 50 балл, өту үшін шекті балл -25 балл)

-оқуға дайындық тесті (максималды 30, шекті 7 балл)

— 1ші бейіндік пән (максималды 30, шекті 7)

— 2ші бейіндік пән (максималды 30, шекті 7)

Нәтиже алғаннан кейін грант конкурсына қатысу үшін өтініш беріледі. Шарттар: грант конкурсына қатысу үшін 75 баллдан кем емес, оның ішінде әр пәннен шекті балл болуы керек.

Ақылы бөлімге түсу үшін: 50 баллдан кем емес, оның ішінде әр пәннен шекті болуы керек)

Университетке құжаттар грантқа немесе ақылы бөлімге түскен кезде тапсырылады — тамыздың 20-нан кейін.