Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жаңа жоба жүзеге асырылмақ

Жаңа жоба жүзеге асырылмақ

Жұбанов университеті мен Шыңжаң қаржы-экономикалық университеті (ҚХР) Қазақстанның жас мамандары үшін бизнес және сауда саласында бірлескен оқыту курсын іске қосты. Осы жоба арқылы университеттер білім беру, ғылыми-зерттеулер және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді мақсат етіп отыр.

Қазақстанның «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатын және Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасын іске асыру мақсатында жас мамандарды Қытайдың қаржы-экономикалық университетінің профессорлары оқытады.

Қатысушылар «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында Қазақстан мен Қытайдың сауда-экономикалық, халықаралық электрондық коммерция, ауылшаруашылығы, Шыңжаңдағы логистиканы дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы теориялық білім алуға мүмкіндік алады. Сабақтар онлайн форматта өткізіледі.

Шыңжаң қаржы-экономикалық университетінің басшысы, профессор Сонг Сянрон және Жұбанов университет ректорының міндетін атқарушы, профессор Рахым Бекназаров қатысушыларды Қазақстандағы жас мамандарды оқыту бағдарламасының басталуымен құттықтап, білім алушыларға сәттілік тіледі.