Пятница, Март 29, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу қашан басталады?

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу қашан басталады?

18 маусымнан app.testcenter.kz сайтында магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге (КТ) қатысуға тіркеу басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тіркелу барысында талапкер тестілеудің орнын (қаланы) өзі таңдайды.

Кешенді тестілеу 2021 жылдың 20 шілдесі мен 10 тамыз аралығында өткізіледі.
Магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеу 3 блоктан тұрады:
• Шет тілі бойынша тест;
• Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест;
• Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест.

Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаттары бар тұлғалар магистратураға КТ-ның шет тілі бойынша тестінен босатылады.

Кешенді тестілеуге қатысу құны — 8292 теңге. Кешенді тестілеуге төлем тіркелу кезінде онлайн жасалады.

/egemen.kz/