Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы.

Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Ақпарат саласы – қоғамдық пікір қалыптас­ты­ратын маңызды сала.

«Халықтың көзі, құлағы һәм тілі» ретінде елге адал қызмет ету – әр журна­листің абыройлы мін­деті.

Сіздер қашанда ұлт мүддесін бәрінен биік қойып, ел қамы үшін қалам тартып жүрсіздер.

Мемлекетшілдік құндылықты дәріп­теп, жасам­паздық пен жақсылықтың жаршысы болып келесіздер.

Ақпарат саласын дамытуға мемлекет тарапынан қашанда ерекше көңіл бөлі­неді.

Өз кәсібінің майталманы болған қа­рым­ды журналистерге қолдау көр­сетіледі.

БАҚ саласындағы дәстүрлі Президент сый­лығы – соның бір көрінісі. Оның иегері атанған азаматтардың есімі қазақ журналистикасының жылнамасына жазылатыны сөзсіз.

Жыл сайын ең таңдаулы журналистерге берілетін марапат осымен жиырма бесінші рет табысталып отыр. Бұл сыйлыққа қастерлі Тәуел­сіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында ие болудың да символдық мәні бар.

Сіздер егемендік жылдарында ұрпақ­тың бойына азаттық рухын сіңіруге зор үлес қостыңыздар.

Мен мемлекет пен қоғамның ортасында алтын көпір болып жүрген журна­лис­тердің еңбегін жоғары бағалаймын.

Әрқайсыңыз шынайы ақпарат тара­ту­дың жауапкершілігін сезініп, ұлттық мүдденің биігінен көріне береді деп сенемін.

Соңғы кезде радио қызметкерлерінің кәсіби мерекесі жоқ екені жиі айтылып жүр.

Мен Қазақ радиосының 100 жылдығы ая­сында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп ресми түрде бекіткен жөн деп санаймын.

Еліміз берекелі бірлік пен ырысты ын­ты­мақтың арқасында өсіп-өркендей түссін!

Журналистер жағымды жаңалығымен жұрт­шы­лықты қуанта берсін!

Баршаңызға шығармашылық шабыт, толағай табыс тілеймін!

Мереке құтты болсын!