Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жастар саясаты > «Дельфин» бассейніне тегін жолдама

«Дельфин» бассейніне тегін жолдама

Бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры, профессор Ердембеков Бауыржан Амангелдіұлының қолдауымен университеттің белсенді студенттеріне «Дельфин» бассейніне тегін абонемент берілді. Аталмыш шараның мақсаты  – студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дені сау ұрпақ тәрбиелеу.

Университеттің Мәжіліс залында өткен жиынға факультет декандарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен университеттің үздік студенттері қатысты. Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен өткен шарада департамент директоры Жайнагүл Жаншақызы кіріспе сөзімен ашып, студенттерге бассейннің кестесі,  ондағы тәртіп туралы түсіндіріп өтті. Сонымен қатар үздік 45 студентке  «Дельфин» бассейніне тегін абонемент табыстады.

Шара барысында «Дельфин» бассейніне белгіленген уақыт аралығында түрлі шаралар өткізу студенттер тарапынан ұсынылып, экономика және құқық факультетінің 1-курс студенті Жансерік Ермеков жауапты болып тағайындалды.

Аталмыш бассейнге жолдама алған үздік студенттерді құттықтаймыз!