Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Докторантураға құжаттарды қабылдау мерзімі ұзартылды

Докторантураға құжаттарды қабылдау мерзімі ұзартылды

Докторантураға өтініш қабылдау 9 тамызға дейін жалғасады. Докторантураға түсу емтихандары 14-20 тамыз аралығында өтеді. Талапкер докторантураға түсу үшін бір ғана жоғары оқу орнын және бір білім беру бағдарламасын таңдай алады. Докторантураға түсу үшін өтініштер Жұбанов университетінің қабылдау комиссиясы арқылы қабылданады.

Айта кетейік, Жұбанов университеті докторантураның 6 білім бағдарламасы бойынша қабылдау жүргізеді.
8D01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
8D02201 Тарих
8D02304 Филология
8D04101 Экономика
8D05301 Физика
8D05401 Математика.

Докторантураға магистр дәрежесі және кемінде 9 ай жұмыс өтілі бар үміткерлер тапсыра алады. Ал медициналық мамандықтар бойынша резидентурада оқуын аяқтаған тұлғалар қабылданады.

Докторантурға үміткердің шет тілін меңгергені кемінде IELTS 5,5, TOEFL ITP 460, TOEFL IBT 46, TOEFL PBT 453 болуы керек.
Докторантураға оқуға түсу емтиханының ең жоғары көрсеткіші – 100 балл. Оның ішінде эссе – 20 балл, докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест – 30 балл, бейінді емтихан сұрақтары – 50 балл. Докторантураға түсу емтихандары ҰБТ-ға қойылған талап негізінде Ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілген пункттерде өтеді.

Тапсырмаларды талапкер компьютер арқылы бейнекамера алдында отырып жазады. Емтихан тапсыруға 4 сағат беріледі. Грантқа түсу үшін шектік балл 75 балды құрайды. Ал оқуға ақылы негізде түсу үшін шекті балл – 50.

Айта кетейік, 2021-2022 оқу жылына PhD мамандарын даярлауға 1 890 мемлекеттік грант бөлінді. Қай салаға қандай көлемде грант бөлінетіні қазір бекітіліп жатыр, толық нұсқа баспасөз беттерінде жарияланады.