Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Көңіл айтамыз

Көңіл айтамыз

«Құрмет» орденінің иегері, дәрігер – онколог, қауымдастырылған профессор Көбенов Ізімғали Әбдірахманұлы (10.13.1956 ж.- 04.08.2021ж.) өмірден озды. Ол Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессор –оқытушылар құрамы мен студенттері арасында «Невада — Семей» қоғамдық-экологиялық қозғалысының Батыс Қазақстан аймағы филиалының директоры ретінде танымал.
 
Ізімғали Әбдірахманұлы университетте жыл сайын ««Невада — Семей» халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалысының құрылған күніне арнап аймақтық конференциялар өткізіп отырды. Аталған аймақтық ғылыми конференцияларда экологиялық мәселелерді көбірек қозғап, экологиялық жағдайларды жақсарту жолдарын талқыға салып отыратын.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша да университетімізбен тығыз байланыса отырып, экологиясы нашар аймақтарға барып, кездесулер ұйымдастырып жүрді.
 
Халқымыздың амандығын, экологиямыздың тазалығын қалап, сол үшін тынбай ізденіп, елімізге ерен еңбегін сіңірген аяулы әріптесіміздің отбасына қайғырып көңіл айтамыз.
Иманы жолдас болғай!