Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәріс өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәріс өтті

Бүгін «ҮЕҰ, сарапшылар қауымдастығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысуын кеңейту» атты жобаның тақырыбы аясында онлайн форматта дәріс өтті.
Дәрістің мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа азаматтық сектор өкілдерін тарту арқылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыруға, халықтың құқықтық сауаттылығын, нормативтік-құқықтық актілердің сапасын арттыруға арналды. Сондай-ақ, азаматтық қоғам өкілдерін және «Adaldyq alany» жобалық кеңселерін жұмылдыра отырып, пікірталас және оқыту алаңдарын ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Шараға Ақтөбе қаласындағы Жұбанов университетінің студенттері, оқытушылар мен факультет декандары, «Әдеп» жобалық кеңсесі, аудандық, қалалық, облыстық маслихат депутаттары, NurOtan, ҚХП, «Ақ Жол», «Ауыл» партиялары және кәсіподақ өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты.
Дәрісте Жұбанов университеті ректорының міндетін атқарушы Рахым Бекназаров сөз алып, жемқорлықпен күрес бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі екендігін алға тартты.
Шарада жемқорлықтың мемлекет пен қоғам дамуына тигізер зияны, онымен күреспесе мемлекетте өсіп-өркендеу болмайтындығы айтылды. Халықтың сауатын арттыру, құқықты түсіндіру жұмыстарының сапасын арттырудың маңыздылығы алға тартылды.