Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Қытайдан келген этникалық қазақ Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-де білім алу үшін Б.Сапарбаевтың грантына ие болды

Қытайдан келген этникалық қазақ Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-де білім алу үшін Б.Сапарбаевтың грантына ие болды

Ақтөбеде «Қазақстан –ата жұртым, қасиетім –ана тілім!»  атты қазақ тілі мен әдебиеті бойынша ХІV халықаралық олимпиаданың қорытындысы жасалды.

Қытайда, Моңғолияда, Өзбекстанда, Иран мен Ресейде тұрып жатқан қазақ диаспорасының балалары олимпиадаға қатысу үшін 20 маусымда Ақтөбеге келді. Жыл сайын Қазақстанның әр түрлі өңірінде өтетін дәстүрлі шараны бұл жолы ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық орталығыменбірлесе Ақтөбе облысында ұйымдастырды.

Олимпиаданың салтанатты ашылуы алдында ҰОС батыры Әлия Молдағұлова мұражайында болып, аты аңызға айналған ақтөбеліктің ескерткішіне гүлдестелер қойылды.

Екі күн бойы өткен жарыс кезінде балалар эссе жазып, ана тілдерінде өлеңдер оқып жарысты, өзге де қиын тапсырмаларды орындады.

Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Жаңақоныс ауылындағы орта мектепте өтті. 1, 2, 3 орындарға ие болған таяу және алыс шетелдердегі мектептердің 10 түлегі Қазақстанның үздік ЖОО-да білім алу грантының сертификаттарын ұтып алды.

Солардың бірі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде білім алу үшін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек  Сапарбаевтың тағайындаған грантты иеленді.

Бастапқы бет