Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Мемлекеттік білім гранты иегерлері қашан белгілі болады

Мемлекеттік білім гранты иегерлері қашан белгілі болады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімі қашан шығатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз дайындалып жатырмыз. Білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның бірінші отырысы өтті. Орынбасарым Қуаныш Ерғалиев өткізді. Қазір комиссия отырысы өтіп жатыр. Тамыздың 15-іне дейін бұл жұмыс аяқталады деп күтеміз. Содан кейін әдеттегідей тағайындау қорытындысын жария ететін боламыз», — деді Асхат Аймағамбетов Tengrinews.kz ақпараттық порталына берген сұхбатында.

Айта кетейік, биыл Президент тапсырмасымен гранттардың жалпы саны 5 мыңға артып отыр. Яғни, өткен жылы білім беру гранттарының саны 51 мың болса, биыл 56 мыңға дейін артты. Сондай-ақ гранттарды бөлу кезінде алғаш рет азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін квоталар көзделген.

Осы жылы білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 75 мыңнан астам өтінім берілді. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 13 мыңға артық.

/www.inform.kz/