Вторник, Октябрь 26, 2021
Басты > Ел жаңалықтары > Магистратураға құжаттар қабылдау басталды

Магистратураға құжаттар қабылдау басталды

Магистратураға білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталды. Ол 14 тамызға дейін жоғары оқу орындарының виртуалдық қабылдау комиссиялары арқылы жүзеге асырылады. Бұл туралы ҚазАқпарат БҒМ сілтеме жасап хабарлайды.

Магистратурада оқуға арналған білім беру гранттары кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде беріледі. Кешенді тестілеуге барлығы 36 965 адам қатысты.

«Құжаттарды тапсыру кезінде оқуға түсуші білім беру бағдарламаларының бір тобын және үш жоғары оқу орнын көрсетеді. Магистратураға білім беру грантын тағайындау конкурсы 16-20 тамыз аралығында өтеді. Жалпы 2021-2022 оқу жылына магистратура бойынша 13 мыңнан астам грант бөлінді. Гранттардың ең көп саны педагогикалық мамандықтар үшін қарастырылған – 3642. Инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына 3429 грант, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика – 1278, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 1233, ауыл шаруашылығы мен биоресурстар – 527 грант бөлінді», – деді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Естеріңізге сала кетейік, білім беру гранттары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, сондай-ақ жұмыс берушілердің кадрларға қажеттілігі бойынша деректері негізінде бөлінген.

Білім гранты иегерлерінің тізімі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланады.

 

/www.inform.kz/