Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет пен Алға ауданындағы байланыс

Университет пен Алға ауданындағы байланыс

Университеттің Алға ауданындағы күндері аясында Алға ауданы Пацаев атындағы №2 орта мектебі базасында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетімен «Алға аудандық білім бөлімі» ММ-мен білім саласының кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарын жүргізу, аудан көлемінде мектептермен байланыс орнатып шағын жинақталған меткептер базасында кафедралар филиалдарын ашу жұмыстары бойынша екі жақты Меморандумға қол қойылды.

Аталмыш шараға «Алға аудандық білім бөлімі» ММ бөлім басшысы Марат Төлеуов, Алға ауданының  мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері, университет тарапынан университет ректоры кеңесшісі Константин Цхай, Үздіксіз білім беру институты директоры Гүлбану Такишева қатысты.

Сонымен қатар Үздіксіз білім беру институты, біліктілікті арттыру орталығының ұйымдастыруымен мектеп мұғалімдеріне «Білім берудің жаңартылған мазмұны аясында мектептердің оқу үдерісінде критериалды бағалауды енгізу» тақырыбында оқыту семинары өткізіліп, сертификаттар табысталды.