Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Сыбайлас жемқорлыққа жеңіл қарауға болмайды

Сыбайлас жемқорлыққа жеңіл қарауға болмайды

Семинар

«Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Оралбай Әбдікәрімұлының қатысуымен онлайн форматта семинар өтті.

Семинарға мемлекеттік мекемелердің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі облыстық департаментінің, үкіметтік емес ұйымдардың, «Adaldyq alany» жобасының, облыстық «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің өкілдері және  Nur Otan  партиясының депутаттарынан құралған жиырмаға жуық адам қатысты.

Облыс басшысы Оңдасын Оразалин Мемлекет басшысының Жолдауы аясында  облыс көлемінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып, бүгінгі күні өзекті мәселеге айналған қауіпті кеселмен күресудің жаңа тәсілдерін әзірлеу қажеттілігіне назар аударды.

Сондай-ақ шара барысында семинарға қатысушылар өз тараптарынан сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарын баяндап, бірлескен кешенді шараларды ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталды.

Жиынға қатысушылар сыбайлас жемқорлық мемлекеттік мүдделерді іштей күйретіп, экономиканың дамуына нұқсан келтіреді, халықтың билік пен қоғамға деген сенімін жояды деген ортақ түйінге тоқталды. Сондай-ақ ол мемлекетіміздің азаматтарының ерікті және демократиялы құқықтарын жоққа шығарады. Қай қоғамға болмасын, сыбайлас жемқорлық  жат және қауіпті құбылыс. Онымен тұтас қоғам болып күресу ортақ міндет екені айтылды.

Сөз соңында «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Оралбай Әбдікәрімұлы сыбайлас жемқорлық салдарын анықтап, кінәлілерді жазалау ғана емес, ең алдымен, сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын себептерді жою мақсатында бірлесіп әрекет ету және  қоғам үшін күрделі және қауіпті проблеманы шешуден ешкім тыс қалмауы керектігін айтты.

 

Жұмагүл ҚАНТӨРЕЕВА,

облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы.

 

/aqtobegazeti.kz/