Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Шығармашыл ұстаздар бас қосты

Шығармашыл ұстаздар бас қосты

Дәстүрлі тамыз педагогикалық кеңесі аясында «Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру және көркем еңбек сабақтарын кәсіби бағдарлау» тақырыбында секция жұмысы өткізілді.

Секция жұмысы екі бағытта ұйымдастырылды. Шараға Жұбанов университетінің «Көркем еңбек және дизайн» кафедрасының аға оқытушылары Қонысбек Қобланов, Жәнібек Есенқұлов және Евразиялық дизайнерлер одағының мүшелері, республикалық шығармашылық көрмелерінің жүлдегерлері қатысты.

Жиын кезінде Ақтөбе облысы бойынша мұғалімдердің үздік жұмыстары жинақталған «Алтын тұмар» кітабының тұсаукесері өтті. Сондай-ақ, ұстаздардың үздік туындыларынан бейнероликтер көрсетілді.

Қалалық және аудандық көркем еңбек саласындағы мұғалімдер шеберлік сабақтарын өткізіп, өзара тәжірибемен алмасты. Шығармашыл топ мүшелеріне Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінованың Алғыс хаты табыс етілді.