Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Постдокторантураға қабылдау конкурсы жарияланады

Постдокторантураға қабылдау конкурсы жарияланады

Жұбанов университеті келесі білім беру бағдарламалары бойынша постдокторантураға қабылдау конкурсын жариялайды:

8D02201-Тарих
8D05301-Физика
8D05401-Математика
Орын саны -1.

Постдокторантура бағдарламасына қатысуға келесі тұлғалар жіберіледі:

— 45 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары немесе 40 жасқа дейінгі шетел азаматтары;
— постдокторантураға түсу конкурсына қатысқанға дейін 5 жылдан аспайтын уақыт бұрын алған PhD дәрежесі бар немесе оған теңестірілген;
— ғылыми-зерттеу қызметімен белсенді айналысатындар тұлғалар.

Постдокторантураға түсу үшін конкурсқа қатысу үшін комиссияға келесі құжаттар ұсынылады:
— жеке куәлік көшірмесі;
— PhD докторы дипломы немесе оған теңестірілген дәреже құжаты;
— үміткердің еңбектерінің тізімі;
— жарияланымдардың көшірмелері;
— патенттердің, авторлық куәліктердің көшірмелері;
— постдокторантурада оқу кезінде жүзеге асырылатын ғылыми жұмыстың жоспар-негіздемесі.

Құжаттар 2021 жылдың 30 тамызына дейін Жұбанов университетінің  жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығында қабылданады.

Мекенжайымыз: Ә. Молдағұлова даңғылы 34, Бас ғимарат, ¾ кабинеті, 3 қабат.

Сұрақтар бойынша 87013684899 нөміріне хабарласуға болады.

Постдокторантура туралы Ереже сайтта келесі адрес бойынша қолжетімді http://zhubanov.edu.kz/ru/pages/gylym-men-innovaciyalar/postdoctoral-studies/postdoтctoral-studies.php.