Воскресенье, Сентябрь 15, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жаңа оқыту жылы дәстүрлі форматта өтеді

Жаңа оқыту жылы дәстүрлі форматта өтеді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кадрларды даярлаудың барлық бағыттары бойынша оқыту дәстүрлі форматта басталатынын хабарлайды.

Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер оқуды қашықтықтан оқыту форматында жалғастырады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының деректеріне сәйкес шектеу шаралары бар елдерді қоспағанда білім алушылардың шетелдік академиялық ұтқырлық пен тағылымдамадан өтуіне қайта рұқсат етіледі.