Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Хабарландырулар > Университет ғимараттарындағы асхана мен дәмхана жалға беріледі

Университет ғимараттарындағы асхана мен дәмхана жалға беріледі

«Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы оқу ғимараттарындағы  асханалар мен дәмханаларды  жалға беру  конкурсын жариялайды.

Қонкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1) Қызмет көрсету нарығындағы тәжірибесі;

2) Қоғамдық тамақтандыру қызметіне қатысты қоршаған ортаны басқару жүйесін қанағаттандыратын сәйкестік сертификатының болуы;

3) Аспаз біліктілігі;

4) Технологтың болуы («Тамақтану технологиясы», «Қоғамдық тамақтану технологиясы» мамандықтары);

5) Технолог біліктілігі бар өндіріс менеджерінің болуы;

6) Өндірілетін өнімдердің ассортименттік тізімінің болуы;

7) Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы бар көлік құралдары мен тамақ өнімдерін жеткізу шарттары;

8) 100% персонал үшін жұмысқа жіберу туралы құжаттардың болуы;

9) Тамақ пісіруге арналған ыдыс-аяқтардың технологиялық кестелерінің болуы;

10) Персоналдардың дезинфекциялауға арналған арнайы киімнің болуы;

11) Қоғамдық тамақтану саласында аспаздардың біліктілігін арттыруға арналған сертификаттардың болуы;

12) Дәмхана (буфет), асханаға арналған құрал-жабдықтарының болуы;

13) Өндірісті өзін-өзі бақылау жоспарының болуы.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2) Жеке басын куәландыратын төлқұжат (удостоверение);

3) Өтінім берушінің  конкурсқа қатысушыларға қойылатын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар:

3.1) заңды тұлғалар үшін — заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік (көшірмесі);

3.2) жеке тұлғалар үшін — Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін немесе төлқұжатын, кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмай жүзеге асыруға құқық беретін құжаттардың (көшірмесі);

4) Жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау, хабарландыру жарияланған күннен бастап  күнтізбелік  3 ( үш ) күн ішінде, яғни 24-26 тамыз аралығында сағат 18:00 дейін жүргізіледі.

Құжаттарды тапсыру мекенжайы:

Ақтөбе қаласы, ағайынды   Жұбановтар көшесі 263 үй, №2 кабинет. Байланыс телефоны:  8 (7132) 54-46-90.