Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жастар саясаты > Екпе алған студенттер арасында ұтыс ойыны ойнатылуда

Екпе алған студенттер арасында ұтыс ойыны ойнатылуда

Жұбанов университетінде коронавирус инфекциясына қарсы екпе алған студенттер арасында ұтыс ойындарын ойнату басталды.

Ұтыс ойындарында келесі жүлделер ойнатылады:
— 50 білім алушыға 15 000 теңге ақшалай сыйақы;
— 50 білім алушыға оқу ақысына 10% жеңілдік;
— 50 білім алушыға жатақхана ақысына 10% жеңілдік.

Білім алушылар арасында ұтыстың үш ойын түрі үш күн бойы өткізіледі.
Бүгін жеңімпаздарды анықтау университеттің инстаграм парақшасында кездейсоқ сандар генераторы әдісі арқылы жүргізіліп, нәтижесінде білім гранты бойынша оқитын 50 студент 15 000 теңгелік ақшалай сыйақыға ие болды.

Ұтыс ойынының жалғасы әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің инстаграм парақшасында ертең және арғы күндері сағат 11.00-де өткізілетін болады.

Акцияның басты мақсаты – денсаулықты нығайту және жастарды вакцина алуға ынталандыру.

Жеңімпаздар туралы толық ақпарат алдағы уақытта университеттің ресми сайты мен әлеуметтік парақшаларында жарияланады.

Университет білім алушылары арасында екпе ектіруді тиімді ұйымдастыру және оларды екпе алуға ынталандыру мақсатындағы игі шара өз жалғасын табады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Білім және ғылым министрлігі ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов студенттер мен оқытушылардың денсаулығын қорғау үшін вакцинациялауға ынталандыру жөнінде тапсырма берген болатын.

 

Ұтыс ойындары жеңімпаздарының тізімі: Тізім