Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінде бос лауазымдық орындарға іріктеу жұмыстары басталды

Жұбанов университетінде бос лауазымдық орындарға іріктеу жұмыстары басталды

Бүгін Жұбанов университетінде академиялық мәселелер жөніндегі проректор Лаура Карабасованың төрайымдылығымен университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің бос орындарына үміткерлерді іріктеу конкурсының отырысы өтті.

Жиынды ашқан Лаура Чапайқызы комиссия мүшелерін таныстыра отырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, конкурстық комиссия құрамына комиссия төрайымы Лаура Карабасова, төрайым орынбасары Людмила Мясникова, әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Нұржан Бердыбаев, қызметкерлерді басқару және құжатайналым қызметінің басшысы Лаура Есеналина, заңгер Лаура Алиманова, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығының директоры Нұргүл Жантурина, директорлар кеңесінің мүшесі, Ақтөбе облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бұлбұл Күзембаева, «Aqbobek» халықаралық мектебінің директоры Қайрат Жұмабаев, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қуанышбек Шүнкеев, «Сағыз Петролиум Компани» ЖШС жайластыру бөлімінің инженері Абдолла Айдолла, «ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры Саида Сәдуақасова, «Ақтөбе адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Қуанышбек Серікжанов, ғылыми хатшы Мира Балтымова кіреді.

Конкурс ережесі бойынша үміткерлерге өзін таныстырып өтуге қысқаша сөз берілді. Комиссия мүшелері үміткерлерге сұрақтар қойды. Олардың ғылым саласындағы жетістіктері, тілдерді игерудегі мүмкіндіктеріне баса назар аударылды.

Айта кету керек, іріктеу конкурсы төрт күнге созылады. Конкурс нәтижелері іріктеу біткеннен кейін белгілі болады.