Среда, Декабрь 7, 2022
Басты > Жаңалықтар > Рухани жаңғыру: туған жер-тұнған тарих

Рухани жаңғыру: туған жер-тұнған тарих

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті тарих және тарихты оқыту әдістемесі кафедрасы жанынан ашылған «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» кабинетінің меңгерушісі, тарих магистрі Рая Тасқымбаеваның ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру: туған жер-тұнған тарих» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелді тарих факультетінің деканы т.ғ.к., Г.Ы.Купенова кіріспе сөзбен ашып, Елбасы  мақаласы аясында факультетте атқарылған шараларға тоқталды.

Шара барысында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының жүзеге асырылуы, Қазақстанның киелі жерлерінің картасын дайындау барысы туралы баяндамалар тыңдалды. Тарих магистрі С.Сағындықова, т.ғ.к. Ж.А.Ғанибаева,  аға оқытушы А.З.Айдарова, аға оқытушы А.С.Шинтемирова, т.ғ.к. Ж.С.Бегимбаевалар жасаған баяндамаларды жиналғандар талқыға салып, пікірлерін ортаға салды. Сонымен бірге тарих факультетінің студенттері Н.Атаниязов, Б.Кенжебаев, Ә.Маханов, А.Бимурзаевалар Қазақстанның Макросакралды нысандарының қатарына енген Абат Байтақ кесенесі, Қобыланды кесенесі, Есет Көкіұлы, Әбілхайыр мемориалдық кешенінің тарихы  туралы  зерттеу жұмыстарын көпшілік назарына ұсынды.

Дөңгелек үстел соңында баяндама жасаған оқытушылар мен студенттерге Сертификат табыс етілді.