Пятница, Март 29, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің құттықтауы

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің құттықтауы

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні құтты болсын!
Конституция әрбір азаматтың құқықтары мен бостандығының мүлтіксіз сақталуына кепілдік береді.
Заң қағидалары алға жылжуымызға, ауқымды жобаларды іске асыруға, сондай-ақ халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Мереке күні баршаңызға амандық, бейбіт аспан, барлық бастамаңызға толағай табыс тілеймін! Халқымыздың заң үстемдігіне ұмтылысы әрқашан зор болсын!