Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінде 2021-2022 оқу жылының басталуы туралы

Жұбанов университетінде 2021-2022 оқу жылының басталуы туралы

  • Жұбанов университетінде білім берудің барлық деңгейлері- бакалавриат, магистратура, докторантурада сабақ 2021 жылдың 1 қыркүйегінде басталады.
  • Оқыту дәстүрлі форматта (күндізгі оқыту) ұйымдастырылады.
  • ББ барлық курстарында оқытудың аралас формасы қолданылады:

— дәрістер онлайн;

— семинар, зертханалық  және практикалық сабақтар, ОСӨЖ офлайн, яғни  дәстүрлі форматта жүргізіледі.

  • Сабақтың ұзақтығы: онлайн режимінде-40 минут, офлайн режимінде-50 минут.
  • Сабақ кестелері университеттің ресми сайтындағы факультеттердің жеке парақшаларында орналастырылады:

—  2-4/5 курстар үшін сабақ кестесі тамыздың 25-іне дейін;

—  1 курсқа арналған сабақ кестесі 31- тамызға дейін.

  • Санитарлық-эпидемиологиялық режим талаптарын сақтау талап етіледі:
  • —  жеке гигиена қағидаларын сақтау;

— бетперде кию;

— ғимаратқа кіреберісте қолды антисептикпен өңдеу, аяқ киімнің табанын өңдеу;

— күнделікті температураны жанаспайтын термометрмен өлшеу;

— білім беру объектісінің аумағында (оқу кабинеттері, спорт зал, кітапхана, деканат, кафедра, ПОҚ бөлмелері, асхана және т.б.), дәліздерде қозғалыс кезінде кемінде 1,5 метр қашықтықты сақтау.

  • Университеттің оқу ғимараттарында пандемияға байланысты іске қосылған «Ashyq» мобильді қосымшасын қолдану арқылы білім алушының QR кодын (Ashyq) сканерлеу кезінде мәртебесі анықталып және оны медициналық қызметкерге немесе кезекші оқытушыға көрсетеді.
  • Дәстүрлі форматтағы сабаққа қатысуға рұқсат берілген білім алушылар:

— QR кодын (Ashyq) сканерлеу кезінде «жасыл» немесе «көк» мәртебесі анықталған білім алушылар;

— уақытша вакцина алудан босатылған (тиісті дәрігерлік анықтама тіркелген жағдайда) білім алушылар.

Оқу ғимараттарына  бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынады.

Құрметті білім алушылар!  Сіздерді білім беру процесіне қатысатын білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулығын сақтау, сапалы білім алудың бірден-бір кепілі бола алатын дәстүрлі форматта оқытуды қамтамасыз ету үшін 100 % вакцинациялау жұмыстарында белсенділік көрсетуге шақырамыз!

Университет әкімшілігі