Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Диссертация сәтті қорғалды

Диссертация сәтті қорғалды

Жұбанов университетінің докторанты Жігер Убаев «Физика» бағыты бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену диссертациясын сәтті қорғады.

Диссертация Жұбанов университетінің «Материалдардың радиациялық физикасы» ғылыми орталығының жанындағы физика кафедрасында орындалды.

Ғылыми кеңесшілер ретінде физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қуанышбек Шүңкеев, физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Людмила Мясникова және физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Тарту университеті Физика институтының иондық кристалдар физикасы зертханасының меңгерушісі Александр Лущик секілді тәжірибелі ғалымдар қатысты.

Жақын арада физика саласында маманданған тағы бір докторант диссертациялық кеңеске өз жұмысын ұсынуды жоспарлап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, сонымен бірге университет жанында «Математика» және «Филология» бағыты бойынша диссертациялық кеңестер жұмыс жасайды. Қазақстанның әр өңірінен ғылым кандидаттары мен философия PhD докторлары дайындалды.