Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Екі жақты келісімге қол қойды

Екі жақты келісімге қол қойды

Бүгін Корея Республикасы Пусан қаласындағы Tongmyong университеті Корей тілі орталығының директоры Сон Си Мьен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры Бауыржан Ердембековтің қабылдауында болды.

Университеттің проректорлары мен Халықаралық ынтымақтастық орталығының ұжымы шетелдік  әріптесті ерекше ілтипатпен қарсы алды.

«Алдымыздағы жылдың қаңтар айында Пусан қаласындағы оң мың студенті бар Tongmyong  университетіне бару сапары жоспарланып отыр. Қазір Меморандумға қол қойған соң екі университет арасындағы байланыс күшейеді деп сенемін. Сон Си Мьен біздің университетімізде жаңа оқу жылынан бастап жұмыс жасауда. Әріптесімізді арнайы шақырып, Инновациялық технологиялар паркі орналасқан ғимараттан Корей тілі орталығын аштық. Болашақта Корея Республикасымен байланысты нығайту үшін бұл орталықтың маңыздылығы зор екені сөзсіз. Корея Республикасының жоғары оқу орындарымен біздің университетіміз арасында байланыс нығая түссе, технологиясы озат елдің тәжірибесімен бөлісу, студенттер алмасу, оқытушыларды тағылымдамадан өткізу жолға қойылмақ», — деді Бауыржан Аманкелдіұлы.

Сондай-ақ, сөз арасында университет ректоры Қазақстан мен Оңтүстік Корея Республикасы арасындағы ынтымақтастықты күшейту жолдарын, корей тілін үйрену, зерттеу, бірлескен жобаларды іске асыру жайында сөз қозғады.

Кездесу барысында алдағы уақытта әріптестікке бағытталған екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастық мәселелері мен болашағы жайлы талқыланды.

Өз кезегінде Корей тілі орталығының директоры Сон Си Мьен  да екі жақты әріптестік қатынастың орнағанына ризашылығын білдірді.

Басқосу соңында екі университет арасындағы әріптестікті бекітетін екі жақты Меморандумға қол қойылды.