Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жастар саясаты > Вакциналау және халық санағын жүргізу — маңызды міндет

Вакциналау және халық санағын жүргізу — маңызды міндет

Бүгін Жұбанов университетінің Студенттер сарайында жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері арасында жалпы халықты вакцинациялау және халық санағын түсіндіру бойынша кездесу өткізілді.

​Кездесу барысында облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері Алмагүл Айтқұлова, Ақтөбе қалалық №1 аурухана дәрігері Нұрлыгүл Қанымбаева және  М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің инфекциялық аурулар кафедрасының меңгерушісі Мейрамбек Кұрманғазин еліміздегі короновирустық-эпидемилогиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында жастарға екпе алудың маңыздылығын түсіндірді. Бұдан бөлек  шараға қатысқан белгілі  эпидимиологтар жастар арасында репродуктивті денсаулық сақтау және екпе алу мәселелері бойынша кеңестер берді. Басқосуда облыстық статистика департаментінің әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасының басшысы Күлсін Ашмухамбетова білім алушыларға  онлайн халық санағынан өту туралы егжей-тегжейлі ақпарат беріп, маңызды фактілер мен статистикаға кеңінен тоқталды.

Сондай-ақ жиында облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары студенттерге короновирустық инфекциясының таралуын алдын-алу үшін жеке тазалықты және санитарлық нормаларды сақтау бойынша ақпарат жазылған үнпарақтар үлестірді.

Кездесу соңында облыстық статистика департаментінің өкілдері студенттерге онлайн форматында халық санағына қатысу туралы толыққанды ақпараттар берді.