Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің студенті ТМД ойындарында алтын иеленді

Жұбанов университетінің студенті ТМД ойындарында алтын иеленді

Каратэден Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, кадеттер мен жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, Токио олимпиадасына қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсеткен Жұбанов университетінің студенті  Нұрқанат Әжіқанов  кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ол Ресейдің Қазан қаласында өткен ТМД ойындарында қарсыластарынан топ жарып, қанжығасына алтын байлады.

ТМД елдері ойындары Қазан қаласында 4-11 қыркүйек аралығында өтті. Татарстан астанасына 1600-ден астам қатысушылар келді. Оның ішінде ТМД-ның 9 елінен 1100-ге жуық спортшылар бар. Ойындар спорттың 16 түрі бойынша өткізілді, спортшылар барлығы 181 марапат жиынтығын ойнады.

Спорттық шараны өткізудегі мақсат халықтар арасында дәстүрлі қалыптасқан достық байланыстарды нығайту және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді іс жүзінде жүзеге асыру болатын.