Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Білім саласын дамыту мәселелері талқыланды

Білім саласын дамыту мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар —  ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған мәселелерді талқылау мақсатында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде кездесу өтті.

Іс-шараға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің басқарма төрағасы-ректор Лаура Қарабасова, ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Рахым Бекназаров, басқарма төрағасы-ректордың кеңесшісі Константин Цхай, бас ғылыми хатшы, Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Мира Балтымова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің оқытушысы, магистр Райбек Сағадатов, сондай-ақ Nur Otan партиясының мүшелері мен оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Оқу орнының басшысы Лаура Қарабасова Жолдауда айтылған мәселелердің бірі – білім сапасын арттыру, оның ішінде қашықтан оқыту жүйесін қалыптастыру, үздік оқушыларды университетке тарту, яғни кәсіби бағдарды жолға қою, педагог мамандарды даярлау жүйесін жаңарту жайында айтып өтті.

Кездесу барысында баяндамалар жасалды. Өз кезегінде Рахым Бекназаров университетте білім сапасын арттыру бағытында жасалып жатқан жұмыстарға тоқталып, сонымен бірге әлеуметтік жауапкершілік мәселесінде студенттерге көрсетілген көмектер мен жеңілдіктер жайын айтты.

Сондай-ақ Константин Цхай қоғамдық қызмет, ұлттар бірлігі жайында баяндаса,  Мира Балтымова гендерлік теңдік, әлеуметтік мәселелер туралы кең ауқымды презентация жасады.

Райбек Сағадатов Жолдаудағы жастарға қатысты айтылған мәселелерге тоқталды.

Іс-шара соңында Nur Otan партиясының жаңадан қабылданған мүшелеріне партия билеттері табысталды.

Жадыра АРЕН,

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

медиа-орталығының маманы.

/aqtobegazeti.kz/