Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жастар саясаты > Табиғатты қорғау – тазалықты сақтау

Табиғатты қорғау – тазалықты сақтау

Zhubanov University еріктілері Дүниежүзілік тазалық күніне арналған «World Clean up day – 2021» экологиялық акциясына қатысты. Олар Ақтөбе су қоймасының жағасындағы қоқыстарды жинады. Бастамашы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы болды.

«Экоарсу» қозғалысы еріктілерінің айтуынша, қала тазалығы мәселесіне келгенде олар шет қала алмапты. «Көптеген адамдар табиғатқа тұтынушылық көзқараспен қарап, жаһандық экологиялық проблемалар неге әкелуі мүмкін деп ойламайды. Біз таза ауада еркін демалып, таза суға түсіп, таза жерде тамақтануымыз үшін айналамызды таза ұстап, табиғатты қорғай білуіміз керек», — дейді ойларымен бөліскен студенттер.