Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің оқытушылары 30 үздік білім беру бағдарламасын әзірлеуге қатысады

Жұбанов университетінің оқытушылары 30 үздік білім беру бағдарламасын әзірлеуге қатысады

Жұбанов университетінің командасы «Педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту» байқауының екі кезеңінің қорытындысы бойынша ТОП-110 құрамына енді. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Гүлбану Ізбасарова, педагогика ғылымдарының кандидаты Виктория Исламғалиева, оқытушылар Ақмарал Айдарова, Бақытгүл Ертілеуова, Жанар Сартабанова, Назгүл Бозғұланова университет ректоры, бағдарлама жетекшісі Лаура Қарабасованың басшылығымен педагогикалық білім беруді жақсарту мақсатында жобаға қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келді.

ҚР Президентінің Жолдауында білім беру жүйесіне дәлелді және білікті педагогтар қажет деп көрсетілген. Осы мақсатта Білім министрлігі ХЯМЕ қолданбалы ғылымдар университетімен (Финляндия) және Назарбаев Университетімен бірлесіп Дүниежүзілік Банктің «Педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту» жобасы бойынша өз жұмысын бастады.

Екі апталық оқыту педагогикалық білім беру моделін жақсартуға және Қазақстандағы педагогикалық мамандықтардың білім беру бағдарламаларын әзірлеуге бағытталған. Жобаның екінші кезеңінің тақырыбы «Педагогикалық білім берудің мазмұны мен нысанын жетілдіру».

Қатысушылар еліміздегі педагогикалық бағыттағы 30 үздік білім беру бағдарламасын әзірлейді.