Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > Білім > Болашақ мұғалімі

Болашақ мұғалімі

Жаратылыстану факультетінің 4 курс студенті Әйгерім Алымова «Қазақстан мұғалімі — 2021» ұлттық сыйлығының «Болашақ мұғалімі» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту  қоры бастамашылық еткен «Қазақстан мұғалімі» сыйлығы үш жылдан бері бар. Биыл байқау аясында талантты студенттер – болашақ педагогтарды анықтауға бағытталған Student Prize Kazakhstan жобасы іске қосылды.

Бұл жобаға Жұбанов университетінен педагогика бағытында білім алып жатқан 10 үздік студент қатысты. Байқауға қатысушылар төрт ай бойы іріктеуден өтті. Олардың академиялық үлгерімі, ғылыми-зерттеу әлеуеті, көшбасшылық қасиеті, шығармашылық қабілеті сынға салынды. Жоғары оқу орны деңгейіндегі жоба кураторы Райбек Сағадатовтың айтуынша, осы уақыт ішінде барлық болашақ педагогтар өздерін жақсы жағынан көрсете білген. Байқау барысында олар мектеп оқушыларына арналған онлайн-клубтар, ауыл мектептерінің педагогтарымен түрлі онлайн-жобалар құруға атсалысты. Сонымен қатар, байқау аясында Қазақстанның жетекші педагогтарынан дәріс алды.