Четверг, Апрель 25, 2024

MMTalks: TAZA OI

Жұбанов университетінде «MMTalks: TAZA OI» форматында кездесу өтті.

Кездесудің басты мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы идеяларды барынша қарапайым тілмен және қызықты етіп жеткізу болды.

Іс-шараға облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері, университеттің «MidMar.community», «Parasattylyq mektebi», «Заман біздікі» жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты.

Сөз сөйлеушілердің әрқайсысы адалдық, әділдік және адамгершілік қағидаларын ұстану арқылы өздерінің жеткен  жетістіктері жайлы айтты. Пікірталас кезінде мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы алдын алу шаралары жеткілікті деңгейде жүзеге асып келе жатқаны жайында да айтылды.

«Егер әрбір адам әлеуметтік жауапкершілікті өз мойнына алатын болса, онда сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ болар еді. Өйткені, парақорлық тоқтар еді», — деп «Parasattylyq mektebi» басшысы Абзал Сембин өз ойын білдірді.

Өз кезегінде Жұбанов университетінің түлегі, Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бас маманы Мақсат Әбекенов аталмыш қызметке қалай орналасқандығы жайында айтып өтті. Жауапкершілігі жоғары қызмет адал еңбекті, мықты жігерді талап ететінін алға тартты.

Кездесу соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өзіндік үлесін қосқан студенттерге Алғыс хаттар табыс етілді.