Вторник, Октябрь 26, 2021
Басты > Жаңалықтар > Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына шақырамыз

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына шақырамыз

Жұбанов университетінде Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығына арналған «Ыбырай Алтынсаринның педагогикалық мұралары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференцияның өткізілу мерзімі:

Пленарлық мәжіліс: 22 қазан 2021 жыл. Басталуы: 10:00 (Ақтөбе уақыты)

Шеберлік кластары: 22 қазан 2021 жыл. Басталуы: 15:00 (Ақтөбе уақыты)

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1.Ы.Алтынсарин идеяларының қазіргі білім беру жүйесімен сабақтастығы

2.Ұлттық руханият және Ы.Алтынсарин мұралары

3.Білім беру мазмұнындағы дәстүр мен жаңашылдық

Конференция қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.

Конференцияға қатысу үшін өтініш пен баяндама материалдарын 2021 жылдың 18 қазанына дейін төмендегі электронды поштаға жіберу қажет: altynsarin@internet.ru