Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жоғары колледж футбол командасы бірінші орын иеленді

Жоғары колледж футбол командасы бірінші орын иеленді

Жұбанов университетінің Жоғары колледж футбол командасы «Jas Otan» жастар қанаты Ақтөбе облыстық филиалының ұйымдастыруымен  өткен «Дүйсенбілік футбол» турнирінде топ жарып, бірінші орынды иеленді. Турнирге Ақтөбе қаласынан 10 команда қатысты.

Қарсыластарынан басым түскен Жоғары колледж футбол командасына 300 мың теңге ақшалай сыйлық және Нұрсұлтан қаласында өтетін республикалық жарысқа жолдама берілді.

«Дүйсенбілік футбол» турнирі жастарды спортпен белсенді айналысуға, сондай-ақ бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.