Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ардагерлерге құрмет көрсетілді

Ардагерлерге құрмет көрсетілді

Бүгін Жұбанов университеті басшылығы мен ұжымы атынан  кәсіподақ ұйымының басшысы Ольга Сұлтанғалиева Қарттар күні және Ұстаздар мерекесіне  орай құрметті демалысқа шыққан университет ардагерлерін құттықтады. Сонымен бірге саналы ғұмырларын ұстаздық жолына арнаған жандарға факультет өкілдері де алғыстарын білдірді.

Айта кетсек, оқу ордамыздың 250-ден астам ардагерлеріне арнайы сый-құрмет көрсетілді. Оларға азық-түлік жиынтығы мен естелік сыйлықтар табыс етілді.