Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Үздіктер марапатталды

Үздіктер марапатталды

Бүгін Студенттер сарайында Ұстаздар  күніне арналған «Әлемді ұстаздар өзгертеді» тақырыбындағы  мерекелік шарада Жұбанов университетінің төмендегі профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері марапатталды.

 

 ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы

Қартабаева Жайнагүл Жаншақызы — «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент;

Мясникова Людмила Николаевна — Ғылым департаментінің директоры.

 

ҚР Білім және ғылым министрінің Алғыс хаты

 Таскарина Бағдагүл Мергенбайқызы — Экономика және құқық факультетінің деканы, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент;

Ідірісова Эльмира Тәңірбергенқызы — «Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент;

Төреханова Индира Берікқызы — «Темірқазық» студенттерге қызмет көрсету және құжаттандыру орталығының жетекшісі.

 

«Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік

университетінің еңбек ардагері» медалі

Свиридова Ирина Ивановна  — Филология ғылымдарының кандидаты, доцент.

 

«Құдайберген Жұбанов» медалі

 Телеуов Ақылжан Нұрхайырұлы — Биология ғылымдарының кандидаты, доценті.

 

Облыс әкімінің Алғыс хаты

 Ахметов Биғали Қонысұлы — «Көлікті пайдалану, тасымалды ұйымдастыру және құрылыс» кафедрасының аға оқытушысы;

Перевезенцев Александр Леонидович – Тарих ғылымдарының кандидаты;

Таубатырова Дамиля Амангелдіқызы — Ғылыми кітапхана қызметкері;

Иманғазина Айгүл Әбидуллақызы — Филология ғылымдарының кандидаты, доцент;

Жұбаев Абзал Қаңтарбайұлы — Физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент;

Иманбаева Зауреш Өтегенқызы – «Мемлекеттік басқару, қаржы және маркетинг» кафедрасының  қауымдастырылған профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты;

Қангельдин Айболат Қабылбекұлы — Кәсіби-шығармашылық факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары, магистр;

Рысбаева Ардақ Қуанышқызы — Педагогика факультетінің оқу ісі жөніндегі декан орынбасары,  аға оқытушы.

 

Университет Басқарма төрағасы-ректорының Алғыс хаты

 Отарбаева Нұрлыгүл Асылбекқызы — «Биология» кафедрасының аға оқытушысы PhD доктор;

Ибраимов Тарас Сағызғалиұлы — «Көлікті пайдалану, тасымалды ұйымдастыру және құрылыс» кафедрасының аға оқытушысы, магистр;

Тасмағанбетова Самал Жұмабайқызы – «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, магистр;

Қорғанбекова Құралай Қуандыққызы — Білім беру процесін ұйымдастыру департаментінің әдіскері;

Сарман Ақмарал Досмұхаммедқызы – «Математика» кафедрасының оқытушысы;

Мұхамеджанова Ботакөз Бөлекқызы — «Педагогика, психология және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы, магистр;

Тұрмағанбетова Айшагүл Жанділдәқызы — Білім беру процесін ұйымдастыру департаментінің әдіскері;

Сейдешова Зарина Ғалиқызы  — «Ағылшын және неміс тілдері» кафедрасының оқытушысы;

Кияшев Ислам Ерланұлы — Ақпараттандырылған технологиялар департаментінің маманы,

Бисенова Арайлым Асылбекқызы — Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің бас маманы.

 

Құттықтаймыз!